|
20.12.2023 | 14:29
641

Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі қашан басталады

Бұл – кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға және олардың жұбайларына қатысты салық түрі

Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі қашан басталады Almaty.tv

1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларация тапсырудың 3-кезеңі басталады. Бұл – кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға және олардың жұбайларына қатысты салық түрі. Оны төлеудің жолы мен түрлі жеңілдіктер санаты Алматыдағы семинар барысында түсіндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесуге қаладағы әр бағытта жұмыс істейтін кәсіпкерлер, заңгерлер мен есепші мамандар қатысты. Ал іс-шараны Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырып отыр.

Айта кетейік, азаматтар декларацияның 3-кезеңін 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсырып үлгеруі тиіс.  

– Мен жеке кәсіпкермін. Спорт клубым бар. Үкіметке 17 млн теңге қосымша құн салығын төлеп тастадық. Балалармен жұмыс істеп отырғандықтан, бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Семинарға арнайы келдім, – деді жеке кәсіпкер Нұрлан Махметов.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарға несие беру: жаңа заң жобасына қандай өзгерістер енгізіліп жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир