Биыл елімізде қасиетті Құрбан айт 16 маусымда басталады. Үш күн қатарынан тойланатын ұлық мерекені атап өтуге әзірлік басталып кетті. Елордада мал союға болатын арнайы 5 орын бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осы күндері Шанхай, Баракат, Жайлау, Шолпан-ата базары мен темір жол маңындағы қасапқана жұмыс істейді. Санитарлық талаптардың сақталуын қалалық әкімдік мамандары қадағаламақ. Шариғат шартына сай, құрбандыққа кез келген төрт түлік мал шалынады. Тек талапқа сай ақсақ, көзі көрмейтін, мүйізі жоқ мал жарамайды.
– Төрт түлік мал – түйе, ірі қара, қой және ешкі. Негізі құрбандыққа төрт түлік шалынады. Оның жас ерекшелігі бар. Түйе 5 жасқа, ірі қара 2 жасқа, ешкі, қой 1 жасқа толуы тиіс. Сырттан қарағанда бір жастан асқандай толық тоқты болса, жарайды, – деді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы.
Оқи отырыңыз: Құрбан айт мерекесі қашан