Қай өңірде ет бағасы қымбаттады

13.01.2023 19:30

2022 жылдың желтоқсан айының соңында ет өнімдері бағасы бір жылда 16,6 пайызға өсті

world-nan.kz

2022 жылдың желтоқсан айының соңында ет өнімдері бағасы бір жылда 16,6 пайызға өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Energyprom.kz порталының мәліметінше, ет ең қатты қымбаттаған өңір Маңғыстау облысы: бір жылда - 22,6 пайыз.

Одан кейін Павлодар (21,7 пайызға қымбаттады) және Солтүстік Қазақстан (21,5) облыстарында жоғары өсім бар.

Ал бағаның шамалы өсімі Ұлытау облысында тіркелді: 9,7 пайыз.

Ет пен құс еті жылдық динамикада - 15,4, шұжық өнімдері - 22,2, ет өнімдері 15,9 пайызға қымбаттады.

Ет өнімдерінің ішінде құс еті — 29,4, жылқы еті — 16,7, шошқа еті — 14,3, қой еті — 12,9, сиыр еті 10,1 пайызға өсті.

Шұжық өнімдерінің ішінде пісірілген шұжық - 23,6, жартылай ысталған шұжық 22,2 пайызға көтерілді.

2022 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанда ешкіні (бір жылда 0,9 пайызға азайып, 2,3 млн болды) және шошқаны (бір жылда 10 пайызға кеміп, 812,5 мың болды) санамағанда негізгі мал басы саны көбейді.

Жылқы саны бір жылда 12,1 пайызға артып, 3,7 млн басқа, түйе 8,6 пайызға өсіп, 260,5 мың басқа, ірі қара 5,2 пайызға көбейіп, 8,5 млн басқа, қой 4,4 пайызға артып, 19,6 млн басқа, құс 1,1 пайызға көбейіп, 50,8 млн басқа жетті.