|
21.12.2022 | 14:30
1486

Қоғам қайраткері Амангелді Айталы өмірден өтті

Ол қазақтың рухани әлемін байыту жолында үлкен еңбек сіңірді

Қоғам қайраткері Амангелді Айталы өмірден өтті ашық дереккөзден

Қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы өмірден өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Амангелді Айталы ағамыз мәңгілікке аттаныпты. Парасаты мол, рухани тұңғиық азамат еді.

Қазақтың рухани әлемін дамытуға өлшеусіз еңбек сіңірген қайраткер Амангелді Айталы ағамыздың туған-туыс, жақын- жекжаттарына қайғырып көңіл айтамыз.

Жаны жәннатта болсын, Ағамыздың», - деп көңіл айтты Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.

Амангелді Айталы 1939 жылы 10 қыркүйекте Астрахан облысы Володар ауданы Болдырево ауылында дүниеге келген.

1959 – 1964 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық иниситутын, 1964 – 1967 жылдары бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік иниститутының аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолын 1959 жылы Марфин ауданы Қызылтаң ауылының мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.

-1968 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогика иниститутында аға оқытушы;

-1970 – 1983 жылы осы институтта философия және ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі;

-1989 – 1995 жылдары Ақтөбе педагогикалық иниститутында ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры;

-1996 – 1999 жылдары Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, философия кафедрасының меңгерушісі;

-1999 – 2007 жылдары Парламент мәжілісінің депутаты;

-2007 – 2010 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры;

-2010 жылдан Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық иниститутында профессор, сонымен қатар«Білім мен тәрбиенің дүниетанымдылық әлеуметтік мәселелерін зерттеу»орталығының жетекшісі;

2013 жылдан бастап Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің«Әлеуметтік саяси пәндер»кафедрасының профессоры, «Білім мен тәрбиенің дүниетанымдылық әлеуметтік мәселелерін зерттеу» орталығының жетекшісі қызметін атқарып келді. Амангелді Айталы «Құрмет белгісі» (1986), «Парасат» (2001), III дәрежелі «Барыс» (2015), II дәрежелі «Барыс» (2021) ордендерімен, Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан білім беру ісінің үздігі медальдарымен марапатталған. Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, Ақтөбе облысының құрметті азаматы атағына ие болған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир