Бұл туралы аталған елдің ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді
Қырғыз Республикасындағы қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы мен тағы бір саясаттанушы «сатқындық жасады» деген айыппен қамауға алынды. Бұл туралы аталған елдің ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Марат Қазақпаев пен Марат Тоқтаучиков 13 сәуірде ұсталған еді. Бішкектің Первомай аудандық соты қамауға алынғандарға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындап, тергеу изоляторына қамады. Қылмыстың мерзімі және ұсталғандардың қай елдің мүддесі үшін жұмыс істегені туралы айтылмайды. Еске салайын, Қырғыз елінде мемлекетке опасыздық жасағандарға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.