2012 және 2016 жылы туған балалар ауруханаға жатқызылды
Солтүстік Қазақстанда бір отбасы газға уланды. Кәмелет жасына толмаған екі бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқыс оқиға Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде пеш мұржасының бітелуінен болған. Дәрігерлер ересектерді тексеріп, ем тағайындады. Ал 2012 және 2016 жылы туған балалар ауруханаға жатқызылды. Қазір олардың жағдайы тұрақты.
Айта кетейіr, өңірде биыл көмірқышқыл газынан улану салдарынан 20 адам зардап шегіп, 3 азамат қаза тапқан.
– Көмірқышқыл газының иісін бірден сезбейсің. Басыңыз ауыруы мүмкін. 9 қыркүйекте 2 баланың газға уланғаны туралы хабарлама түсті. Келген кезде пештің мұржасы бекітіліп, сол себепті түтіннің шықпағаны анықталды, – деді СҚО Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының аға инженері Нұрлан Баяхметов.
Оқи отырыңыз: Ипотекалық бағдарламаларға өзгеріс енгізілмек