Өскемен тұрғындары енді Аяз атаның үйіне қонаққа бара алады

24.12.2023 19:30

Арнайы резиденция ашылды

Фото: yk-news.kz/ Елена Бредихина

22 желтоқсанда Өскеменнің сол жағалау саябағында Аяз атаның үйі немесе жеке резиденциясы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Қала тұрғындары резиденцияға келіп, Аяз атамен әңгімелесіп, естелік суретке түсе алады. Сондай-ақ жаңа жылдық хат жазып, кәдесыйлар алады. Тұрғын үй екі қабаттан тұрады. Екінші қабатта жиһаз қойылып, кілем төселген. Сонымен қатар әртүрлі тұрмыстық заттар қойылған нағыз қонақ бөлме. Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында алаңдағы бас шырша құлап қалды