Маңғыстау облысында алаңдағы бас шырша құлап қалды

elements.envato.com
elements.envato.com
Қолайсыз ауа райы кедергі болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысы Шетпе ауылында алаңға орнатылған бас шырша құлап қалды. Әкімдік өкілдері шыршаның қайта орнатылғанын нақтылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Шетпе ауылында алаңдағы жаңа жылдық шырша орнатылғанына бір тәулік те болмастан құлап қалды.

Маңғыстау аудандық әкімдігі ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі бұл жайт қолайсыз ауа райына байланысты орын алғанын хабарлады.

- Шырша 21 желтоқсанда орнатылды, алайда монтаж жұмыстары әлі бітпеген. Кеше Шетпе ауылындағы желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетіп, шырша құлады. Қазір ол көтеріліп, қайта орнына қойылды. Монтаждау жұмыстары да аяғына дейін жеткізілді. Жасанды шырша жаңадан сатып алынбаған, өткен жылдардан қалғаны, - деп түсіндірді құзырлы ведомство өкілі.

Оқи отырыңыз: Жаңа жылды көкшетаулықтар қалай тойлайды

Новости партнеров