Алматы облысында заманға сай саябақ ашылды

25.10.2019 19:31

Паркте ерекше стильдегі орындықтар, субұрқақ пен дүкендер бар

Алматы облысының Іле ауданында алғаш рет заманға сай үлгідегі жаңа аллея ашылды. Ұзындығы 300 метр, ені 10 метр болатын демалыс орнында қарттар мен жастардың уақытты тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Паркте ерекше стильдегі орындықтар, субұрқақ пен дүкендер бар. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануына қажет спорттық құралдар орнатылып, балаларға арналған ойын алаңдары салынған.

«Бұл жастардың саябағы биылғы жастар жылына елдің, мемлекеттің, ауданның қосқан үлесі, үлкен тартуы болды. Ауыл тұрғындары ризаБұрын мұндай саябақ Астанада, Алматыдағы Арбатта ғана болады деуші едік. Енді біздің ауылда да орын тепті», – деді Алматы облысы өтеген батыр ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсат СЕЙДАЛИЕВ.