Қазақстанда электромобильдерді кедендік бажсыз әкелу мерзімі екі жылға ұзартылды. Бұл туралы Бішкекте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Маңызды басқосуда 30 мәселе қаралған. Бірі – қазақстандықтар үшін аса қажетті электр қозғалтқышы бар автокөліктерді қосымша төлемсіз елге жеткізу. Жиынға қатысқан Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин бастаманың ТМД елдер арасындағы өзара саудада оң серпін беретінін атап өтті.
– Кедендік бажсыз электрокөлік әкелу мерзімін 2 жылға ұзарттық. Биыл 96 мың электрокөлікке квота бөлінді. Оның 30 мыңы Қазақстанға арналған, – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин.
Оқи отырыңыз: Оқушылар арасында вейпсіз әлем челленджі өтті