Бастама NEET санатындағы азаматтарды қолдауға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған
Алматыда «Zhas project» жобасының биылғы жеңімпаздарына сертификат табыс етілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шағын гранттар конкурсынан қаржылай қолдау тапқан 18 бен 34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар кәсібін ашып, қоғамының дамуына үлес қоспақ. Бастама NEET санатындағы азаматтарды қолдауға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Айта кетейік, жоба Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының көмегімен жүзеге асырылуда.
– Байқауға 358 өтініш түсті. Алматы қаласы бойынша 148 өтінім қабылданды. Конкурстық комиссия әлеуметтік жобаларды бағалап, ішінен 20 жобаны жеңімпаз деп санады. Көбінесе ерекше қажеттілігі бар балаларға оқу орталығын немесе спорт үйірмесін ашу, ағылшын тіліне байланысты курстар жасау сынды білім бағыты бойынша жобалар іріктелініп алынды, – деді «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наурызбек Мағдатов.
Оқи отырыңыз: Аида Балаева форумның қатысушыларымен кездесті