8 айда қазақстандықтардың саны 148 мыңнан астам адамға артты
1 тамыздағы есеп бойынша, Қазақстанда 20 182 003 адам тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жыл басында Қазақстанда 20 033 842 адам тұрды. Осылайша, сегіз айда қазақстандықтардың саны 148 мыңнан астам адамға артты.
Еліміздің ең тығыз қоныстанған өңірлердің бестігі:
Сондай-ақ Жамбыл (1 223 625 адам) және Қарағанды (1 134 588 адам) облыстарында миллионнан астам адам тұрады.
Қазақстандықтардың басым бөлігі (12 656 167 адам) қалаларда тұрады. Қалған 7 525 836 отандасымыз – ауыл тұрғындары.