Сынама үшін алынған 143 шұжықтың құрамынан шошқа қышқылы табылған. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында азық-түлік қауіпсіздігі жайын баяндады.
Министрдің сөзіне сенсек, сөредегі тауарлардың сапасын қадағалау мониторингі ай сайын жүргізіледі. Өткен жылы 70 мыңнан аса тауар өнімі зерттеуден өткен. Сараптама нәтижесінде 9 мың 740 өнім тапсырысқа сәйкес келмейтінін көрсеткен. Тауар өндірушілердің көбі азық-түлікті маркілеу ережесін бұзады, қауіпсіздік көрсеткішіне атүсті қарайды.
«Сүт өнімдерінің 99 сынамасынан майлылық көрсеткіші өтірік көрсетілген және 143 шұжық сынамасынан шошқа ДНҚ-сы анықталды». Оның айтуынша, мониторинг нәтижесінде сұранысқа сәйкес келмеу көрсеткішінің 66 пайызын импорттық тауар, ал 34 пайызын - отандық өндірушілердің тауары көрсеткен. Ол 2018 жылы 22 тонна қауіпті өнімінің көзі жойылғанын айтты. 70 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.
Елжан Біртанов Елбасы тапсырған «Тауарлар мен қызмет сапасын әрі қауіпсіздігін бақылау комитеті» алдағы сәуір айында Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылатынын айтты. Жаңа органның негізгі қызметі – нарықтағы сапасы төмен тауарды азайту, медициналық қызметтің деңгейін анықтау әрі дәрі-дәрмек бағасы мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бақылайды.