Тағы 47 жоғары технологиялық жоба жүзеге асырылу кезеңінде және алдағы жылдары іске қосылады
Бүгін «Алматы – Индустриалды аймағы» аумағында өңірлік коммуникациялар қызметі брифинг өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматы – Индустриалды аймағы» ЖШС директоры Берікбол Мәндібаев 2016 жылдан бері Алматының Индустриалды аймақ аумағында жалпы сомасы 69,6 млрд тг болатын 13 кәсіпорын пайдалануға берілді. 1952 жұмыс орны құрылып, 2 млрд тг салық төленді, 63,3 га жер игерілді.
Тағы 47 жоғары технологиялық жоба жүзеге асырылу кезеңінде және алдағы жылдары іске қосылады.
Алматының Индустриалды аймағына 261 млрд тг барлығы 60 компания қатысады, оның ішінде 18-і шетелдік қатысушылармен (Қытай, Ресей, Жапония, Иран, Малайзия, БАӘ, Германия, Оңтүстік Корея, Түркия, АҚШ) 8,6 мың жұмыс орны құрылған.
Биылғы жылы металл өңдеу және жылжымалы қақпаларды шығару бойынша қуаттылығы 12 125 бірлік, 42 жұмыс орнына шақталған кешен іске қосылды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін 1131 жұмыс орнын құру арқылы жалпы сомасы 30,1 млрд тг сомасына 9 жобаны іске қосу жоспарлануда. 2021 және одан кейінгі жылдары 160,7 млрд тг сомасына 5,6 мыңнан астам жұмыс орнын ашу арқылы 38 жобаны іске қосу жоспарлануда.