«Астана су арнасының» экс бас директоры 7 жылға сотталды

16.08.2019 00:38

Алайда сотта оның 3 бөлмелі пәтер мен 60 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны дәлелденген жоқ

sputniknews.kz

Аса ірі көлемде пара алған "Астана Су арнасының" бұрынғы басшысына сот үкімі шықты. Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Уәлихан Досаевты 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, Уәлихан Досаев аса ірі көлемдегі пара алды деген күдікке биылғы жылдың көктемінде ілінген болатын. Сол кезде оған қол астындағы қызметкерінен пара ретінде «Молодая семья2» тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтер алып, оны «Технополисжилстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меншігіне өткізгені үшін 60 мың АҚШ долларын алды деген айып тағылған еді. Алайда, сотта бұл фактілер расталмаған болып шықты.

«Нұр-Сұлтан қаласының  Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Досаев Уәлиханды ірі көлемде пара алғандығы үшін кінәлі деп танып, оны 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, сот отырысы барысында Досаевтың пара ретінде үш бөлмелі пәтер және 60 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай қаражат алғаны фактісі дәлелденген жоқ. Сотта Досавтың 30 мың АҚШ доллары көдемінде пара алғандығы фактісі дәлелденді», – деді Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз БАЯНОВА.

Теги: взятка