Атырауда әйеліне пышақ сұққан азамат ұсталды

18.06.2024 19:33

Күдікті Ақтау қаласынан табылған

Фото: elements.envato.com

Атырауда азаматтық некедегі әйеліне пышақ сұққан азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv

Жедел іздестіру іс- шараларының нәтижесінде күдікті Ақтау қаласынан табылған. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, адам шошырлық оқиға 9 маусымда болған. Күдікті түнгі ауысымдағы жұмыста жүрген келіншегін тепкінің астына алып, кейіннен мойнына пышақ сұққан. Зардап шеккен әйел қазір дәрігерлердің бақылауында.

– Атырау облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің кешенді жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде 9 маусымда Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 1991жылы туған әйел адамды өлтіруге оқталған 1995 жылы туған күдікті Ақтау қаласынан анықталып, ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, – деді полиция бөлімінің бастығы Руслан Байтенов.

Оқи отырыңыз: Абай облысында 26 жылқы ұрлаған қылмыстық топ ұсталды