Сала мамандары келесі жылдан бастап тұрғын үй төлемін алуы мүмкін
Қазақстанда құтқарушылардың 90 пайызы пәтерге мұқтаж. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов алдағы күзде мәжіліске баспана мәселесін шешетін заң жобасын ұсынбақ, деп хабрлайды Almaty.tv.
Ведомство басшысының сөзінше, заңға өзгеріс енгізілсе, сала мамандары келесі жылдан бастап тұрғын үй төлемін ала алады.
– Қажетті келісім бар. Бірақ заңды тұрғыдан сұрақ әлі шешілген жоқ. Қыркүйекте Парламентке заңға енгізілетін өзгерістерді ұсынамыз. Ең басты мәселе – тұрғын үй төлемдерін алу. Жоспар бойынша келер жылы мәселені шешеміз, – деді ҚР ТЖМ Шыңғыс Әрінов.
Оқи отырыңыз: Алматы полицейлері 1300-ден астам заң бұзушылықты анықтады