|
21.08.2024 | 14:34
1463

Қызылорда облысындағы мектептер жаңа оқу жылына дайын емес

Көпшілік көтерген мәселеге Парламент Мәжілісінің депутаттары құлақ түрді

Қызылорда облысындағы мектептер жаңа оқу жылына дайын емес Almaty.tv

Жаңа оқу маусымы басталуға жақын. Бірақ Қызылорда облысындағы бірқатар білім ұясы қыркүйекке дайын емес, деп хабарлайды Almaty.tv.

Себебі мектептерде күрделі жөндеу жұмысы кешеуілдеп тұр. Облыс орталығында да бірнеше оқу ордасы межелі уақытта қолданысқа берілмеуі мүмкін. Көпшілік көтерген мәселеге Парламент Мәжілісінің депутаттары құлақ түріп, жөндеу жұмыстарын көзбен көрді. Өңірдегі іргетасы 35 жыл бұрын қаланған №211 орта мектепке бұған дейін жөндеу жүргізілмеген. Үш қабатты ғимаратта 860 бала білім алады. Жергілікті әкімдік барлық мердігер мекемеге мектептерді 25 тамызға дейін тапсыру талабын қойды.

– Жетпіс адам жұмыс істеп жатыр, олардың санын 100-140 адамға дейін көбейтуді талап еттік. Егер құрылыс аяқталмаса, көрші мектеп басшысымен келісіп, екінші жоспарды дайындау қажет, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов.

Оқи отырыңыз: Биыл балалар тегін тамақпен қамтылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир