|
20.08.2024 | 13:51
355

Биыл балалар тегін тамақпен қамтылады

Астанада 24 жайлы мектеп салынып жатыр

Биыл балалар тегін тамақпен қамтылады Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының «Нұра» ауданындағы №101 мектепті аралап көрді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылына дайындық жайында есеп берді. Бүгінде республика бойынша 536 мың оқушыға арналған 302 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Ал 220 мың оқушыны қамтитын 280 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 1,7 миллион бала тегін тамақпен қамтылады.

№101 мектепте екі ауысымда 4 мың оқушы жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша оқитын болады. Мемлекет басшысы мектептің оқу және шығармашылық кабинеттерін, сондай-ақ спорт және акт залдарын аралады.

Президентке жаңа мектептің мүмкіндіктері, атап айтқанда, оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту, цифрлық технологияларды зерттеу, жасанды интеллектіні қолдану, «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру, оқу бағдарламасы мен роботты техниканы үйлестіру бағыттары жайында мәлімет берілді.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың орта білім беру саласын дамыту туралы баяндады. Сондай-ақ ол «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қалада 24 оқу ошағы салынып жатқанын айтты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир