Алматыда «Татуласу орталығы» ашылған сәттен бастап 300-ге жуық тұрғын отбасылық жанжалдарын құқық қорғау органдарына жүгінбей-ақ шешкен. Бұл ақпарат Алматы облысының Кәсіподақтар бірлестігінің мәжілісінде айтылды.
Туындайтын даулардың көбі отбасындағы қаржылық мәселеге қатысты. Өткен жылы «Татуласу орталығының» көмегіне жүгінген 97 мыңға жуық жұмысшының жалақылары көтеріліп, 12 мыңнан астам кәсіпорынның 400 мыңға жуық қызметкерлері түрлі жеңілдіктер мен кепілдіктерге ие болған.
«Биыл әлеуметтік әріптестікті нығайту мақсатында біз облыстық әкімдікпен 2018-2020 жылдарға арналған ұжымдық үшжақты келісімге отырдық. Облыстық сотпен меморандумға отырдық. Бұл әрине, кәсіподақ мүшесіне еңбектеніп жүрген азаматтардың мүддесін нақты фактімен, нақты уақытта қорғауға мүмкіндік береді», – деді Алматы облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Әсет ҚЫДЫРМАНОВ.