Алматыда қоқыс жәшігін өзенде жуған дәмхана әкімшілігіне айыппұл салынды

05.06.2024 19:35

Бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында белгілі болды

Almaty.tv

Алматыда Тереңқұр өзенінде қоқыс жәшігін жуған дәмхана әкімшілігіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында белгілі болды. Медеу аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторлары тексеру жүргізіп, бұл заңсыз әрекетті Тереңқұр өзенінің бойында орналасқан дәмханалардың бірінің қызметкерлері жасағанын анықтады. Бұл дерек бойынша аталған мекеменің әкімшілігіне ҚР ӘҚбК-нің 505-бабында көзделген құқық бұзушылық – қаланы абаттандыру ережелерін бұзу бойынша хаттама толтырылды. Айыппұл мөлшері 30 АЕК құрады.

Оқи отырыңыз: Бала қауіпсіздігі: өгей әкемен тұратын балалардың жағдайы қалай