Алматыда Халықаралық қарттар күнін мерекелеу аясында қарттар айлығы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
- 3 қазан сағат 15:00-де Абылай хан көшесі, 83 (Қазақконцерт ғимараты) мекенжайы бойынша зейнеткерлерге арналған «Белсенді қариялар – қоғам қазынасы!» мерекелік концерті өтеді. Бағдарламада хор және би ұжымдарының, домбыра оркестрінің, спорттық көрсетілімдердің, жеке нөмірлердің қойылымдары бар. Сонымен қатар шығармашылық жұмыстар мен қолөнер көрмесі ұйымдастырылады.
- 2023 жылы 6 қазанда сағат 13:00-де Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағының жанында, Гоголь көшесі, 40 мекенжайында орналасқан «Жұлдыз» мейрамханасында ардагерлермен кездесу ұйымдастырады. Концерт пен сыйлықтар табыстау жоспарланған.
Бұған қоса, «Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ қазан бойы: 2-31 қазан – «Шеберлер» сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесін (ОАА фойесі); 11 қазан – «Агрокраудсорсинг» жобасы бойынша «Егін мерекесі» (Алматы облысы, Ават кенті); апта сайын – экскурсиялар, музейлер аралау ұйымдастырады; 24 қазан - скандинавиялық жүріс фестивалі. Әрбір іс-шарада ең белсенді, талантты зейнеткерлер, шығармашылық ұжымдар мен спорттық командалар анықталады. Грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етіле отырып, наградалар өткізілді.
Сонымен қатар Халықаралық қарттар күнін тойлау аясында Алматыда қарт адамдармен кездесулер ұйымдастырылады. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, еңбек майдангерлерін, ұзақ жасаған адамдарды, қоршауда қалған Ленинград тұрғындарын, концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарын үйлеріне барып құттықтайды. Әрі олар үшін «Алатау» дәстүрлі өнер театрында мәдени-ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Соғыс ардагерлері мен еңбек майдангерлеріне әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша көмек көрсетіледі. Жалғызбасты қарттарға көмек ретінде қайырымдылық акциялары өткізіледі.
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарттарға арнап қазақстандық эстрада жұлдыздары ән салып, цирк әртістері өнер көрсетеді, мерекелік түскі ас ұйымдастырылады. Сонымен бірге қаланың медициналық мекемелерінде тар бейіндегі медицина қызметкерлерін тарта отырып, қарт азаматтар үшін «Ашық есік күндері» өтеді. Соғыс және еңбек ардагерлеріне стоматологиялық көмек көрсетіледі. Ол үшін азаматтардың осы санаттарына тұрғылықты жері бойынша аудандық емханалар жүгіну қажет. Ал мобильді емес зейнеткерлер үшін кешенді бригадалар үйде медициналық тексеру жүргізеді.
Орта арнаулы және жоғары оқу орындарында соғыс және еңбек ардагерлерінің қатысуымен кездесулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, театрландырылған қойылымдар, акциялар және басқа да іс-шаралар өткізіледі. Қала мектептерінде қарттар күніне арналған «Мейірімділік пен қайырымдылық сабағы» тәрбиелік іс-шарасы өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 01.10.2023 жағдай бойынша 239 703 зейнеткер бар, 51ҰОС-ның ардагері, 7 590 еңбек майдангері, сонымен қатар, өзге мемлекеттердің аумағында 2 985 жауынгерлік іс-қимыл жасаған ардагері тұрады.