Полицияның хабарлауынша, күтуші мүгедек әйелді осыған дейін де оңашада ұрып келген
Алматыда мүмкіндігі шектеулі қарт әйелге екі айға жуық күтім жасаған әйел оны соққыға жығып, тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, күтуші мүгедек әйелді үйде өздері қалған кезде ұрып жүрген. Осы жолы ол оны соққыға жығып, алтын бұйымдары мен ұялы телефонын алып кеткен.
«Бостандық ауданының полиция қызметкерлері ҚР ҚК 389-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.