Азаматтық Альянс «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қоры «Алматы – адалдық алаңы» жобасымен бірлесе ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара Конституция күніне орай ұйымдастырылған. Соның аясында Алматыдағы «Бірлік үйінде» заңгерлер жұмыс істеп, азаматтарға тегін құқықтық кеңес берді. «Әлеуметтік шынайылықты қамтамасыз етудегі Конституцияның рөлі» деп аталған іс-шара Ата заңның негіздері мен соңғы екі жылда жүргізілген реформалардың мән-мағынасын түсіндіруге арналды.
– Алматы қаласы өте үлкен. Өз тарапымыздан халыққа қызмет көрсету орталықтарында, әкімшіліктің алаңында халықты қабылдап, жергілікті басқару органдарына көмектесіп жатырмыз, – деді «Алматы адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің төрағасы Марат Қалимолдин.
Оқи отырыңыз: Мектепке жол: Алматыда 70-ке жуық балаға оқу құралдары мен сөмке табысталды