Әнші Димаш Құдайберген жас баласы бар 20 отбасына 20 миллион теңге аударды

18.11.2023 19:36

Димаш қайырымдылық жасады

Сурет: Іnstagram.com/kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайберген шахтада әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды, деп хабарлайды Аlmaty.tv  тілшісі әншінің Instagram парақшасына сілтеме жасап. Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 кеншінің артында қалған отбасына мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де қолдау көрсетіп жатыр.

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 1 миллион теңгеден аударды.

Айта кетейік, 28 қазан сағат 02:33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болып, 46 кенші қаза тапты.

Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанда 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Оқи отырыңыз: Құдалық кезінде Димашқа әкесінің досы төрт бөлмелі пәтер сыйлады