Құдалық кезінде Димашқа әкесінің досы төрт бөлмелі пәтер сыйлады

Сурет: Instagram/abilovva_m
Сурет: Instagram/abilovva_m
"Шахтер" клубының футболшысы баспаналы болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандының "Шахтер" клубының футболшысы Дінмұхамед (Димаш) Қашкен мен белгілі блогер, модель әрі әнші Мерей Әбілованың мұсылмандық жолмен неке қиғаны белгілі. Бүгіндері екі тарап құдалық рәсімін атқаруда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Мерей Әбілова құдалықтан кейін Instagram-дағы парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісуі кезінде белгілі болды (құдалық алдымен қыз жақта, одан кейін күйеу бала жақта өткен).

 - Бізге әкемнің досы (қайын ата) төрт бөлмелі пәтер сыйлады. Құттықтап қойсаңыздар болады, - деп жазды Мерей Әбілова. 

Блогер сыйлық сертификатын да сторисіне жүктеген.

Айта кетсек, 2023 жылы қыркүйек айында Қарағандының "Шахтер" клубының футболшысы Дінмұхамед Қашкен желідегі парақшасында қалыңдығы - блогер, модель әрі әнші Мерей Әбіловамен мешітте түскен суреттерін жариялаған болатын.

Оқи отырыңыз: Күйеу қалыңдықтан себепсіз бас тартса, берілген мал қайтарыла ма

Новости партнеров