Республика күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады

28.09.2022 23:14

Ол биыл сейсенбіге түсіп тұр

1rre.ru

Қазан айында Республика күніне байланысты қазақстандықтар 23-25 қазан күндері демалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы құжат "Ашық" НҚА сайтына шықты.

"Биыл "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" ҚР Заңына 25 қазанды - ұлттық мейрам Республика күні ретінде енгізу жоспарланған. Ол биыл сейсенбі күнге түсіп тұр. Осыған орай, мереке күндерінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қаулыға өзгеріс енгізу ұсынылды. Онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарланған", - делінген құжатта.