Ұсталғандар - Жылыой ауданының 25 жастағы тұрғыны мен 24 жастағы қала тұрғыны
Оқиға 9 қаңтарда орын алған. Белгісіз екі адам таңғы сағат 18.00 шамасында Датов көшесінде орналасқан жанармай құю бекетіне баса көктеп кірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Станса қызметкерлеріне қарсы күш қолданып, кассадан 268 мың теңгені алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Алайда жергілікті полиция департаментінің қызметкерлері оларды ізін суытпай ұстады. Ұсталғандар - Жылыой ауданының 25 жастағы тұрғыны мен 24 жастағы қала тұрғыны. Олардан ақша мен заттай дәлелдер табылды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.