Мегаполисте қалалық волонтерлік ұйымдардың қатысуымен Жастар лофт-орталығының базасында жедел волонтерлік штаб жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Волонтерлік штабтың негізгі қызметі – халықтың мұқтаж топтарына санитарлық-эпидемияға қарсы шараларға сәйкес көмек көрсету, қоғамдық мониторинг, тұрғындар мен үйлерді әлеуметтік сауалнама, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары, қалалық коммуналдық қызметтерге және т.б. көмек көрсету.
Волонтерлік штабтың жұмысына 100-ден астам тұрақты волонтерлер жұмылдырылған, олар сақтық шаралары, төтенше жағдай кезінде өзін-өзі ұстау ережелері бойынша тиісті нұсқаулық пен тренингтерден өтті.
Волонтерлер үшін қауіпсіздік шараларын сақтау үшін жеке қорғаныс жағдайлары (арнайы киім, маскалар, стерильді қолғаптар, бахилалар, антисептиктер) жасалған, сондай-ақ арнайы көлікпен және тамақпен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, ғимаратта дезинфекция тұрақты түрде жүргізіледі, волонтерлерді жедел диагностикалау үшін дәрі-дәрмек қобдишаларымен және алғашқы көмек құралдарымен жабдықталған медициналық пункттер, кезекші дәрігерлер ескерілді, олар волонтерлерді күніне 2 рет тексереді.
Қазіргі уақытта волонтерлер келесі бағыттар бойынша көмек көрсетуде:
- мұқтаж және әлеуметтік жағынан осал азаматтарға көмек көрсету(Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының ұсынылған тізіміне сәйкес мүгедектік дәрежесі бар жалғыз басты тұрғындарға, қарт адамдарға азық- түлік, дәрі-дәрмек және т.б. тасымалдау);
- қоғамдық мониторинг (жабылуға жататын кәсіпорындардың мониторингі, қалалық қызметтер мен органдарға көмек көрсету және т.б.);
- волонтерлердің ақпараттық штабы (ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, қоңыраулар қабылдау, тұрғындар мен үйлерде әлеуметтік сауалнама жүргізу және т.б.).
Волонтерлерде Алматы қаласы әкімдігінің мөрі мен реттік нөмірлері бар арнайы бейдждер бар.
Волонтерлік штаб сағат 8.00-ден 20.00- ге дейін жұмыс істейді, телефон 279-16-91, Инстаграмдағы аккаунт (https://instagram.com/birgemiz.almaty) және Фейскбукте (https://www.facebook.com/profile.php?id=100049011188521)
«Құрметті алматылықтар! Біз қаланың волонтерлері, өзгеріс жағдайында көмегіміз қажет ететін және қолдау көрсетуді қажет ететін қала тұрғындарына барлық күш-жігерімізбен көмек көрсетуге дайынбыз.
Бірге бәрі қолымыздан келеді!!! #Bizbirgemiz», - деп атап өтті еріктілер.