Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды

Almaty.tv
Almaty.tv
Батыр тұрған үйдегі ескерткіш тақтаға гүл шоғы қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толуына орай батыр тұрған үйдегі ескерткіш тақтаға гүл шоғы қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еске алу жиынына сала ардагерлері, курсанттар қатысып, құрмет көрсетті. Армия генералын 1 минуттық үнсіздікпен еске алып, сарбаздар салтанатты маршпен жүріп өтті. Ал ізін басқан шәкірттері сөз сөйлеп, ерлігін еске алды.

– Ол – соғысты басынан өткерген азамат. Тағдыр жолы да оңай болған жоқ. Бірақ соған қарамастан, нағыз әскери маманның үлгісі бола білді. Қоластындағылардың бәріне қамқорлық танытып жүретін. Адамгершілігі мол жан еді, – деді отствакадағы генерал-майор Павел Новиков.

Еске алу іс-шарасы 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағында жалғасын тапты. Онда Офицерлер одағының бірлестік өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері мен қала тұрғындары мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті.

Айта кетейік, ғұмырын Отанға қызмет етуге арнаған тұлғаның мерейтойы жыл соңына дейін тойланады.

– Ол полк командирлерінің тегін жатқа білетін. Өз ісінің хас шебері болды. Сағадат Нұрмағамбетовтің біліктілігінің, қырағылығының арқасында елімізге, армияға қатысты маңызды шешімдер қабылданды, – деді отставкадағы генерал-майор Махмұт Телеғұсов.

Оқи отырыңыз: Сағадат Нұрмағамбетов -100: Алматыда бокстан халықаралық турнир өтті

Новости партнеров