Қоштасу және жерлеу рәсімі Қарқаралыда сағат 18:00-де өтеді
Күні кеше көз жұмған әнші Жанар Хамитованы жерлеу рәсімі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Әншінің бұған дейінгі продюсері Сиви Махмуди марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі қашан өтетінін айтты. Оның сөзінше, жерлеу рәсімі Қарағанды облысы Қарқаралыда өтеді.
«Қоштасу және жерлеу рәсімі Қарқаралыда сағат 18:00-де өтеді», - дейді Сиви.
Еске салсақ, 16 қыркүйекте «Арнау» тобының экс-солисінің қайтыс болғаны туралы белгілі болды. Бұл туралы әнші досы Әбу Кай өзінің Инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді.
Артынша полиция әншінің өлімін растап, ҚР ҚК 105-бабы 1-тармағына (Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әншінің өліміне қатысты түсініктеме берді.