|
08.05.2020 | 14:38
7105

Алматыда Жеңіс күніне орай мәдени-көпшілік шаралар өткізілмейді

Бұл туралы Алматы әкімдігі жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб хабарлады

Алматыда Жеңіс күніне орай мәдени-көпшілік шаралар өткізілмейді Sputnik / Александр Мазуркевич

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар Алматы қаласында енгізілген Төтенше жағдай мен карантин режиміне байланысты тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv  қалалық Жедел штаб мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Жеңіс Күні қарсаңында, 9 мамыр күні коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Алматы әкімдігі жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб тұрғындарға адамдар көп жиналатын жерлерге, мемориалдар мен зираттарға барудан бас тартуды ұсынады. Яғни бұл ұсыныс 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне де қатысты айтылған.

«Біздің әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігі мәңгілік. Біздің соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін осы айтулы күн – Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтағым келеді және оларға мықты денсаулық, ашық аспан тілеймін. Осы жыл – мерейтой жылы, яғни фашизмді жеңген Ұлы Жеңіске 75 жыл, әрине, біз оны лайықты қарсы алуға дайындалғанбыз. Бірақ өкінішке қарай, ол әлемдегі осындай қорқынышты Төтенше жағдайға сәйкес келді. Осыған байланысты, барлық қалалықтардан, бірінші кезекте аға буын өкілдерінен саябақтар мен скверлерге барудан бас тартуларыңызды сұраймын. Өйткені, дәл қазіргі жағдайда олар қауіптің алдында тұр, сондықтан да қалалықтардан ардагерлермен кездеспеуін сұраймыз», – деп атап өтті Алматы қаласының Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб төрағасының орынбасары Ерлан Қожағапанов.

Сондай-ақ, ол азаматтар көп жиналатын жерлерде Полиция департаменті тарапынан жаяу және автомобильді патрульдеу күшейтілетінін жеткізді.

Осыған байланысты, кезекті рет азаматтарға карантин мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды мүлтіксіз сақтау туралы еске саламыз. Бұл талаптарды елемеу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартатынын ұмытпаған жөн.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир