|
16.07.2024 | 11:13
2685

Елімізде телеарналар мен радиолар уақытша өшіріледі

Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі

Елімізде телеарналар мен радиолар уақытша өшіріледі Фото: elements.envato.com

17 шілдеде Қазақстанда телеарналар мен радиолар уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

«2024 жылдың 17 шілдеде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», - делінген хабарламада

Оқи отырыңыз: Алматылықтар шағын және микро бизнесті дамытуға 2 млрд теңгеге жуық жеңілдікті несиеге ие болды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир