|
14.06.2019 | 14:39
1759

ШҚО-да көкке демалуға шыққандардың кәуабын аю жеп кетті (видео)

Риддерде демалушылар дайындаған кәуабын аюмен бөлісіп жеді, деп хабарлайды Алтайньюс.

Алайда оқиғаның қашан болғаны нақты айтылмаған. Демалыс орны қожайынының айтуынша, бір топ жас демалу үшін үй жалдап, түн ортасында кәуап әзірлеген. Алайда, таңғы астары өздеріне емес, аюға бұйырыпты. Шамасы, кәуап ұнаған болуы керек, қорбаңдаған аюды демалыс орнынан шығару қиынға соғыпты.

Экзотикалық мәселені шешуге Громотуха қызметкерлері келген. Бірақ аюды қанша қуса да, нәтиже шықпаған көрінеді. Жыртқышты орманға қайтарудың екінші талпынысын Черныш аңшылық тобы жасаған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қандай да бір шара қолдануға қауқарсыз екендерін жеткізді.

«Әзірге аю ешкімнің өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ. Алайда қандай да бір шара қолдануға тиіспіз.  Өйткені жақын арада менің иелігіме көршілес Сенигорьге балалар демалуға келеді. Демалыс орнына аю кіріп кетсе, не болады, тіпті елестетудің өзі қорқынышты», - дейді Сергей Третьяков үрейленіп.

Риддерліктерді біраз әбігерге салған аю сол кеткеннен әзірге ешкімнің көзіне түспепті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

ШҚО
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир