Жастарға жеңілдікпен шағын несие беру уақыты белгілі болды

elements.envato.com
elements.envato.com

Бұйрықтар шықты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сенаттың жалпы отырысының кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі жастар несиесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Сенат кулуарында журналистер Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовқа «Былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға 2,5%-бен кредит беру мәселесін көтерген еді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлі мұның шартын дайындамаған. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ халыққа шарт әлі дайын емес, біз жұмыс істей алмай отырмыз депті» деген сауал қойды.

«Біз, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ережелерді толық дайындадық. Бұйрықтар шықты. Әділет министрлігінен тіркеуден өтті. Қазір жастарға арналған 2,5%-дық несиеге біз жауап береміз. Алайда 2,5%-дық несие Ауыл шаруашылығы министрлігінде де бар. Біз бұл мәселеге қатысты толық шешім қабылдадық. Бүгінде біз жергілікті атқарушы органдармен осы механизм бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жастарға берілетін несиенің мерзімі бар. Осы айдың ішінде жергілікті атқарушы органдары және Қаржы министрлігімен кредиттік келісімге қол қоямыз. Келесі айдан бастап бастаймыз. Оған қатысты ешқандай мәселе жоқ», – деді Ақмәди Сарбасов.

Новости партнеров