Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіруде асығыстық болмау керек – Тоқаев

© Sputnik / Болат Шайхинов
© Sputnik / Болат Шайхинов
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Комсомальская правда» газетіне берген сұхбатында қазақ тіліне қатысты осындай ой білдірген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіруде асығыстық болмау керек. Бұл процесс біртіндеп жүзеге асады». Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Комсомальская правда» газетіне берген сұхбатында қазақ тіліне қатысты осындай ой білдірген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет басшысы бұл реформа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» концепциясының аясында қолға алынып, латынға көшу орыс тіліне еш әсер етпейтінін, тек қазақ тілін қамтитынын атап өтті. Сонымен қатар, Президент мұндай қадам қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мақсатында жасалған деді.

«Уақыт өткен сайын жаһандық ақпараттық кеңістік латын қарпінде қарыштап дамып жатқандықтан, жас ұрпақ бұл үдеріспен тығыз байланыста болуы керек. Сондықтан Орта Азиялық мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, қазақ орфографиясын біртіндеп енгізу маңызды. Бұған қоса қазақ әдебиетіндегі классиктердің шығармалары кириллица қарпінде болғандықтан, мұндай реформаға жан-жақты ойланып, ақылмен кіріскен дұрыс», – деді Президент.

Новости партнеров