Қазақстанда биржа боттарына тыйым салынбақ

18.09.2024 19:40

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева мәлім етті

elements.envato.com

Қазақстанда биржадағы боттарды пайдалануға тыйым салынады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін палатаның жалпы отырысында депутат Сергей Пономарев тауар биржалары мәселелеріне арналған заң жобасын талқылау кезінде биржадағы мәмілелерді бекітуге боттар да араласып жататынын, бұл жүйе автоматтандырылған алгоритмге жататынын айтты.

«Олардың өнімділігі бірнеше есе жоғары және шарттарды бекітуде әдеттегі брокерлерден озып, бірнеше секундта аяқтап жатады. Бұл жағдай бәсекені бұзады, өйткені ешбір брокер осылайша тез әрекет ете алмайды», - деді С.Пономарев.

Өз кезегінде Е.Смышляева боттар жасайтын операцияларды қабылдамау туралы норма енгізіліп жатқанын айтты.

«Егер криптобиржаларда немесе қор нарықтарында бұл процеске сәйкес келетін алгоритмдер ретінде саналса, ал тауар биржаларында боттар сауда-саттыққа күдікпен қарауға әкеледі. Себебі олар саудаға манипуляция жасауға, бағаның күрт өзгеруіне әсер етуі мүмкін. Бұл жағдай технологияны енгізудің жанама әсерлері саналады. Сондықтан біз минутына екі немесе одан да көп операция жасайтын боттарды пайдалануға тыйым салуды енгіземіз. Мұндай боттар анықталған шарттар назарға алынбайды. Осыдан кейін биржа ойыншылары бұл боттарды пайдаланудың еш маңызы жоқ екенін түсінеді. Бұл тәсіл инновация мен қауіпсіздік арасындағы теңгерімді орнатады», - деді Екатерина Смышляева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Оқи отырыңыз: Еуропада су тасқыны құрбандарының саны 22-ге жетті