Полицейлер мен еріктілердің көмегінің арқасында жоғалған қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іздеу жұмыстары бірден басталды. Қазір бала туыстарының қасында.
«Белгісіз біреулер қызымды тауып алып, жедел жәрдемге хабарлаған, ол таңғы 4:00 шамасында ауруханаға жеткізілді. Қызымның жоғалғаны туралы әлеуметтік желілерде тарап кеткен, дәрігерлер сол ақпаратты біліп, бірден бізге қоңырау шалды. Бізге қызымды іздеуге көмектесіп, ақпаратты таратып, көмек қолын созған қамқор жандарға алғыс білдіреміз», – деді қыздың әкесі Сергей Сидоров.
Ата-анасының айтуынша, ауруханада Сидорова Аринаға тексеру жүргізілген, қыздың денсаулығы жақсы. Полиция қыздың жоғалуына қатысты істі жапты.
Бұған дейін Сидорова Арина Сергеевнаның 8 сәуірде жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.