Депутаттар Алматы әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді ұсынды

28.04.2022 01:24

Өтініш ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың атына жіберілді

КазТАГ

Парламент Мәжілісінің отырысында «Қазақстан халық партиясы» фракциясының депутаттары Алматының халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Қапшағай қаласының атауын өзгерту туралы бастамасының жалғасы ретінде, алматылықтардың бастамасын қолдай отырып, Алматының халықаралық әуежайына Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімін беруді ұсынамыз», - деді депутат Ерлан Смайылов. 

Өтініш Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың атына жіберілді.

Айта кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында бірнеше облыстың құрылғанын мәлімдеп, Қапшағай қаласының атын Қонаев деп өзгертуді қолдаған болатын.

Теги: аэропорт