|
18.01.2023 | 14:41
380

Еліміздің қай өңірінде баспананы пайдалану көлемі азайған

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда пайдалануға берілген баспаналардың жалпы алаңы 8,8% азайды

Еліміздің қай өңірінде баспананы пайдалану көлемі азайған adyrna.kz

Астана мен өзге 5 өңірде жаңа салынған баспананы пайдалануға беру көлемі азайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің өсімі республиканың 14 өңірінде байқалды. Өсу қарқыны бойынша Павлодар (32,1%), Шығыс Қазақстан (15,4%) және Жетісу облыстары (8,8%) көш бастап тұр.

Бұл ретте пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің төмендеуі Ұлытау (29,6%), Маңғыстау (15,1%), Солтүстік Қазақстан (13,1%) және Атырау (7,8%) облыстарында, сондай-ақ Астана (24,7%) мен Алматы (34,6%) қалаларында байқалды», - делінген статистика мәліметінде.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда пайдалануға берілген баспаналардың жалпы алаңы 8,8% азайды. Атап айтқанда, көппәтерлі 1 540 үй қолданысқа берілді, бұл 2021 жылғы көлемнің – 91,5%. Пайдалануға берілген жеке үйлер саны – 36 365, бұл былтырғы көлемнің – 92,6%.

Былтырғы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында тұрғын үйлердің жалпы алаңының бір шаршы метр құрылысына жұмсалған нақты орташа шығын 12,2% өсті.

Дерекөз: ҚазАқпарат 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир