Ащы судан ұрттаған қызметкерлер мен жалған медициналық кітапшалар анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақмола облысының прокуратурасы өңірдегі балабақшаларды тексеріп, нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 300-ден астам олқылықты тіркеді. Бірінде – қызметкері масаң күйде жүрсе, енді бірінің директоры жеке айыппұлы үшін жұмысшыларынан ақша жинаған. Екеуі де жұмыстан қуылды. Сондай-ақ 3 балабақшадағы 15 қызметкердің жалған медициналық кітапшамен жұмыс істеп келгені белгілі болды.
– 12 балабақшадан ішек таяқшасы тобындағы бактерия анықталды. Тағы 19 мекемеде тамақтанудың санитарлық нормасы сақталмаған. Анықталған бұзушылықтар үшін кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Айта кету керек, кәмелетке толмағандардың құқыңын қорғау үнемі бақылауда, – деді облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры Мақсат Сұрағанов.
Оқи отырыңыз: Елімізде кредит бюросына қойылатын талаптар күшейді