Алматының Алатау ауданында көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді

13.05.2020 19:42

Ауданда 2 мыңға жуық көпбалалы ана және 600-ден астам жалғызбасты ана тұрады

Алатау ауданының көпбалалы және аз қамтылған отбасылары тегін азық-түлікпен қамтылды. Бұл жолғы игі шараны «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде ауданда 2 мыңға жуық көпбалалы ана, 600-ден астам жалғызбасты ана және мыңға жуық аз қамтылған отбасы ресми түрде тіркелген. Олар мұқтаж жандарға көмекті карантин аяқталғанға дейін жалғастыруды көздеп отыр.  

«Бақытты отбасына» рақмет, көмек беріп жатқаны үшін зор алғысымызды білдіреміз. Осындай қиын жағдайда жалғыз қалдырмағаны үшін көп рақмет», - дейді көмек алғандар.