Олар: Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. Ал, жалға берілетін баспаналар бойынша жобаларды іске асыру кезінде Павлодар, Маңғыстау, Атырау облыстарының әкімдіктері бөлінген қаражатты толық игермеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, республика бойынша жылдық жоспар 13 миллион шаршы метрді құрайды. Дегенмен, 10 айдың қорытындысына сай Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны 35,8 пайызға төмендеген. Соның салдарынан, діттеген межеге жете алмау қаупі бар. Жауапты ведомство басшысының айтуынша, биыл тұрғын үйлерді уақытылы пайдалануға беру үшін құрылыс алаңдарына инженерлік-коммуникациялар өткізуге 77,3 миллиард теңге бөлінді. 10 айдың қорытындысы бойынша, қаржыландыру жоспарына сәйкес өңірлерге шамамен 60 миллиард теңге аударылды. Оның 56,3 млрд теңгесі игерілді. Ал, қаржыны тиімді пайдалана алмаған аймақтар ақшаны қайтаруды көздеп отыр екен.