|
16.08.2023 | 14:43
2104

Әлеуметтік тұрғын үй алу шарты қалай өзгерді

Қарыз сомасының 10 пайызы бастапқы жарна есебінде жинақ шотында болуы шарт

 Әлеуметтік тұрғын үй алу шарты қалай өзгерді  turkystan.kz

15 тамыздан бастап әлеуметтік тұрғын үйлерді бөлу жаңа әдіспен жүзеге асырылмақ. Жаңа тұжырымдама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5 пайызбен беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол үшін азаматтар бағдарламаға қатысушы есебінде әкімдікте кезекте тұруы керек. Сондай-ақ «Отбасы банктегі» жинақ шотында қарыз сомасының 10 пайызы бастапқы жарна есебінде болуы шарт. Мұндай қолжетімді займдарға бірінші және екінші топ мүгедектері мен ерекше қажеттілігі бар баланы асырап отырғандар және көпбалалы отбасы, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар қатыса алады.  

– Кіріс, шектеу алынып тасталынды және де несие сомасы бойынша шектеу жойылды. Несие сомасы үйдің құнына тең болады. Мемлекеттік бағдарламаға қатысу туралы өтінім тек otbasybank.kz порталында жүргізілетін болады. Демек, өтінім жалпылама қабылданбайды, – деді «Отбасы банк» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры Данагүл Түсіпова.

Оқи отырыңыз: МӘМС шеңберінде стоматологиялық көмек көрсетіледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир