АрселорМиттал компаниясы Қазақстанның меншігіне өтетінін растады

Сурет: ArcelorMittal
Сурет: ArcelorMittal
Компаниямен мемлекет арасындағы инвестициялық ынтымақтастық тоқтатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

"АрселорМиттал" Қазақстан үкіметі мен компания акционерлік қоғамның болашағын талқылап, жақында мәміле бойынша алдын ала келісімге қол қойғанын, нәтижесінде меншік құқығы Қазақстан Республикасына өтетінін растады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

- ArcelorMittal үзілістерді барынша азайту үшін бұл келісімшартты мүмкіндігінше тезірек аяқтауға міндеттеледі. Екі тарап та болат құю зауытында, темір рудасында және көмір шахталарында жұмыс істейтін адамдардың және операцияларды қолдайтын қауымдастықтар мүддесіне сай келетін нәтижеге қатты көңіл бөледі. Қажет болған жағдайда қосымша мәлімдемелер жасалады, – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

2023 жылғы 28 қазан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке "АрселорМитталТеміртаумен" инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Шахтадағы кезекті апаттан соң "АрселорМиттал Теміртаудың" меншік құқығы Қазақстанға берілетіні мәлім болды. ҚР Үкіметі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталуға жақын екенін мәлімдеді.

Қазақстан үкіметі "АрселорМитал Теміртау" АҚ басқа шетелдік инвесторларға берілетіні жайындағы ақпаратты жоққа шығарды.

Оқи отырыңыз: АрселорМиттал Теміртау АҚ: зардап шеккен кеншілерге кешенді күтім мен оңалту көмегі жасалады

Новости партнеров