Жас жазушы Аягүл Мантай өмірден өтті

29.07.2021 в 19:43

2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша Президент стипендиясының иегері атанды

ашық дереккөзден

Жас жазушы Аягүл Мантай өмірден өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап.

Ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Байқоныс ауылында дүниеге келген. 2009 жылы "Жалын" баспасынан "Жаңбырлы көктем" 

және 2019 «Жүрекке оралу» атты қос кітабы жарық көрген.

Аягүл Мантай — "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты, Баққожа Мұқаи атындағы әдеби байқаудың жүлдегері.

2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша Президент стипендиясының иегері атанды.