«Алматы жастары» бағдарламасына 11 мыңнан аса алматылық құжат тапсырған

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Биыл аталған бағдарламамен 1000 адамды қамту жоспарланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау аяқталды. Жеңілдетілген ипотекалық несиеге 11 мыңнан астам адам өтінім берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматы жастары» сайтында өтініштер мен құжаттарды беру электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылды. Бағдарламаға қатысу үшін 11 199 өтінім берілген. Өтініштің басым бөлігі білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала мен ішкі істер органының қызметкерлерінен түсті. 1 маусым сағат 23:59-да өтініш қабылдау толық аяқталды. 

Барлығы 11 199 өтініш түсті:

денсаулық сақтау – 3096;

білім беру – 3943;

мәдениет – 453;

 спорт – 136;

ЖОО мен ҒЗИ – 1208;

әлеуметтік сала – 1384;

 БАҚ – 187;

құқық қорғау органдары – 792.

2 маусымнан бастап бүкіл өтініштер жүктеледі. Бұдан әрі 20 жұмыс күні ішінде келіп түскен өтініштердің бағдарлама талабына сәйкестігі тексеріліп, әр санатта жиналған балл санымен тізім құралады. Аталған бағдарламаның бюджеті 18 млрд теңге. Берілетін қарыздың ең жоғарғы шегі – 18 млн теңгеге дейін, пайыздық мөлшері 5%, бастапқы жарнасы –10 пайыз. Бұл бағдарламамен бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алуға болады. Биыл аталған бағдарламамен 1000 адамды қамту жоспарланған.

«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау 18 мамырда басталған болатын.

Новости партнеров