Алматыда алаяқ дәрігер ұсталды

Фото пресс-службы ДП г. Алматы
Фото пресс-службы ДП г. Алматы
Бүгінде оның 13 қылмысқа қатысы бары анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

34 жастағы экс-дәрігер өз құрығына әсіресе емге мұқтаж науқастарды түсірген. Мемлекеттік квота алып беремін деп алдаған ол тіпті өз әріптестерін де аямаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Күдікті олардан шетелден арзан бағамен медициналық құрылғы әкеп беремін деп, қомақты қаржы алған. Бүгінде алаяқ дәрігердің жымысқы әрекетінен 13 адамның зардап шеккені белгілі болды. Дегенмен, полицейлер олардың саны бұдан да көп болуы мүмкін дейді.

Әзірге күдіктінің халықты нақты қанша теңгеге тақырға отырғызғаны белгісіз. Егер жасаған қылмысы дәлелденсе, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша іс қозғалады.

«Соңында не квота жоқ, не ақша да жоқ болып шықты. Білуімізше, бұл азамат тек медицина саласында ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар бойынша да баспана алуға көмектесем деген желеумен көптеген адамдардың ақшасын қолды қылған. Егерде оны танып-білетін немесе зардап шеккен адамдар болса, дереу 254-47-01, 254-47-02, 254-47-03 телефондарына хабарласуын сұраймыз», – дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.


Новости партнеров