Индонезия астанасын Ява аралынан көшірмек

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Индонезия астанасын Ява аралынан көшіру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы дүйсенбі күні Kyodo агенттігі хабарлады.

Дегенмен әзірге Индонезия астанасының елдің қай өңіріне көшірілетіні анық емес. Айта кеткен жөн, Индонезия  Малай архипелагында және жаңа Гвинея аралының батыс жағында орналасқан  мемлекет. Халқының саны  242 миллионнан астам.  5 ірі және 30 кішігірім арал топтары (барлығы 17 508 арал) кіретін бұл жер дүниежүзінің ең үлкен архипелагы болып есептеледі.

Астанасы - Джакарта. Мұнда 9,5 млн адам тұрады. Индонезия аралдарының көпшілігі таулы-орманды. Аралдардың көпшілігі сеймикалық қауіпті зонаға жатады. Өте жиі жер сілкіністері, әсіресе Суматра мен Ява аралдарында тіркеледі. Астананы ауыстыруға алдымен осы жағдай  әсер еткен болуы керек.


Новости партнеров