Таразда «маугли» отбасы табылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Олардың қазір тұрып жатқан үйі адам шошырлық күйде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда 30 жыл бойы төрт қабырғаға қамалып өскен ағайынды адамдар табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шамамен 40 жастағы бауырлардың бірі ақыл-есінен айырылса, екіншісі тілден қалған. Үлкені аздап сөйлей алады. Ал мылқау інісі еңкейген күйде отыра береді екен. Олардың қазір тұрып жатқан үйі адам шошырлық күйде дейді еріктілер. Қос азамат асты табылса ғана жейді, болмаса шикі өнімдермен жүрек жалғайды екен. «Маугли» аталып кеткен екі азаматқа бұған дейін анасы күтім жасапты. Алайда ол 3 күн бұрын ауруханаға түсіп, ағайындылар қараусыз қалған. Аталған жағдайды көзбен көрген жергілікті әкімдік өкілдері азаматтарға көмектесетін болды. Олар алдымен екеуінің құжатын түгендемек.

«Анасы емханадан шыққан соң, оған қамқоршылыққа тағайындауға құжатына көмек беріледі. Балалары әрекет істеуге қабілеті жоқ деп танылса, жәрдемақы төлейміз», – деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гауһар Олжабаева.

Оқи отырыңыз: Алаяқтық: жас жігіт жиһаз жасатпақ болған бір топ тұрғынды алдап кеткен

Новости партнеров